Үкіметте бірқатар ауыс-түйіс болды

0
170
photo collage: befunky.com

18 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметте ауыс-түйіс жасады.

Президент жарлығымен  Бейбіт Атамқұлов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне ауысты.

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары қызметіне барды.

Бұдан бөлек, Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министр кеңсесінің жетекшісі болып тағайындалды.

Бұл тағайындаулардың алдында ғана Ерлан Қошановтың Қазақстан президенті әкімшілігіне жетекшілік ететіні, ал осыған дейін президент әкімшілігін басқарған Қырымбек Көшербаев мемлекеттік хатшы болып тағайындалған. Мемлекеттік хатшы лауазымында отырған Марат Тәжин “басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды”. Тәжиннің қандай қызметке орналасқаны әзірге белгісіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз