Елбасының өкілеттігі Конституциядан алынып тасталады

0
105
ҚР бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасылов атап өткендей, конституциялық түзетулер жобасында Тұңғыш Президенттің мәртебесі мен өкілеттіктері туралы 46-баптың 4-тармағы алынып тасталды. Бұл туралы ortcom.kz сайты хабарлады.

25 сәуірде орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сарапшылар тобы Конституциялық кеңестің қарауына қабылданған конституциялық түзетулердің мәнін түсіндірді. Елбасы мәртебесі және оның өкілеттігі туралы Конституциядағы баптар қоғамда көп сұрақ тудыруда. Енді елбасы титулы туралы нормалар Конституциядан алынып тасталады.

Сонымен қатар, Тұңғыш Президенттің мемлекеттің негізін қалаушы ретіндегі тарихи мәртебесі сақталды.

46-бап 4-тармақ: Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз