Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Мүслім Алтынбаев президент Тоқаевтың өкімімен қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Мүслім Алтынбаев – халық батыры, бұрынғы сенатор және бұрынғы қорғаныс министрі, әскери ұшқыш, генерал Мұхтар Алтынбаевтың ұлы.
Мүслім Алтынбаев 1966 жылы дүниеге келген. 1987 жылы Ставрополь жоғары әскери авиациялық штурмандар мен ұшқыштар училищесін бітірген. 1998 жылы Ресей федерациясы қорғаныс министрлігінің әскери академиясын бітірген. 2004 жылы АҚШ қарулы күштерінің ұлттық қорғаныс университетін бітірген.
Бұған дейін “Астана” өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы, ҚР Қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары, қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің жетекшісі қызметін атқарды. Қорғаныс министрлігіне орынбасар болып 2017 жылдың қазанында келген.