Мәсімовтың тағы бір экс-орынбасары тұтқындалды

0
263
Дәулет Ерғожин

 7 ақпанда Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин сот шешімімен қамауға алынды. Бұл жөнінде дүйсенбі күні жергілікті БАҚ хабарлады.

“Сот К. Мәсімов, А. Садықұлов пен Д.Ерғожинді тұтқындауға санкция бергенін хабарлаймыз. Қылмыстық іс “құпия” саналады” деген ҰҚК сөзін келтірген жергілікті ақпарат құралдары.

Дәулет Ерғожин 2016 жылғы қарашадан биылғы қаңтарға дейін ҰҚК төрағасының орынбасары болған. Оған дейін қауіпсіздік я құқық қорғау саласында Ерғожинның ешқандай жұмыс тәжірибесі болмаған. Ол бұл қызметке Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағалығына тағайындалған соң екі айдан кейін келген.

5 қаңтарда Қазақстандағы наразылықтарға беймәлім топтар араласып, арты қантөгіске ұласты. Сол кезде Тоқаев Назарбаевтың көп жылғы сенімді серігі, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті орнынан алды, іле-шала ол тұтқындалған.

Мәсімовтың үш орынбасары Марат Өсіпов, Дәулет Ерғожин мен Әнуар Садықұлов 9 қаңтарда қызметтен босатылғаны туралы ақпарат тараған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз