Мәжіліс төрағасы әріптестерімен кездесті

0
424
Мәжіліс төрағасының Ауғанстаннан келген әріптестерімен кездесуі.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин 24 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразия елдері парламенті спикерлерінің IV кеңесіне келген әріптестерімен кездесу өткізіп жатыр. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәжіліс төрағасы қазірге дейін “Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік” деп аталатын Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің 4-кеңесіне қатысу үшін арнайы келген бірнеше делегациямен кездесті.

Атап айтсақ, Бүкілқытайлық халық өкілдері Жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаншу, Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Владимир Володин, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоп, Камбоджа Парламентінің Төрағасы Хенг Самрин, Словак Республикасы Ұлттық Кеңесінің төрағасы Андрей Данко, Иордания Хашимит Корольдігі Халық жиналысы өкілдер палатасының төрағасы Атеф Аль-Тараун, Оман Аш-Шура Маджлисінің Төрағасы Халид Хилал Нассер Аль-Маауали, Қатар Консультативтік кеңесінің төрағасы Ахмад бен Абдалла бен Заид Аль Махмуд, Ауғанстан Парламенті Волеси Джирга төрағасы Мир Рахман Рахмани, Молдова Республикасы Парламентінің төрайымы Зинаида Гречаный, Беларусь Парламенті Өкілдер Палатасының Спикері Владимир Андрейченко.

Кейбір делегация басшылары Қазақстанға алғаш сапарлаған.

Айта кетейік, 24 қыркүйекте Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді. Жиын Еуропа және Азия мемлекеттерінің парламентарийлері арасында тікелей көпжақты өзара іс-қимыл жасауды жолға қоюды көздейді.

Былтырғы ІІІ кеңес Түркияның Анталья қаласында өткен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз