Серікбай Трұмов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. 2017 жылдың наурызынан бастап облыс әкімі Ерали Тоғжанов болған. Маңғыстау облысының жаңа басшысын облыс активіне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев таныстырды.
Серікбай Өтелгенұлы Трұмов 1964 жылы 3 маусымда Маңғыстау облысында дүниеге келген. Бұрын Түпқараған ауданының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Жаңаөзен және Ақтау қаласының әкімі қызметтерін атқарған. Соңғы лауазымы-Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы….