1 ақпан күні, кешке АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мінген ұшақ Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанға келіп қонды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, Майк Помпео 2 ақпан күні сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі. Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқыламақ.
Министрліктің хабарлауынша, АҚШ мемлкеттік хатшысының президент Қасым-Жомарт Тоқаев және елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деген жоспар бар.