Макрон мен Путин Таяу Шығыс жайын талқыға салады

0
63
дереккөзден

РФ президенті В. Путин мен Франция президенті Э. Макрон екіжақты кездесу барысында Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды, Сирия мен Ливиядағы дағдарысты шешу жолдарын, сондай-ақ Таяу Шығысты тұрақтандыру және Иран ядролық бағдарламасы бойынша Бірлескен іс-қимыл жоспарын талқылайды. Бұл туралы РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады.

«Путин мен Макрон келіссөздер барысында Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуалды, Сирия мен Ливиядағы дағдарысты шешу жолдарын, Таяу Шығыстағы мәселелерді қоса алғанда, өзекті халықаралық және аймақтық жағдайлар бойынша пікір алмасады», – дейді Ушаков. Сондай-ақ Ушаков АҚШ-тың тәрк етуінен кейін Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Бірлескен іс-қимыл жоспарын сақтап қалу мәселесі де сөз болатындығын алға тартты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз