Мамин: 2025 жылға қарай халық 100% таза ауыз сумен қамтылады

0
131
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин.

27 қазанда өткен үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин 2025 жылы халық 100% таза ауыз сумен қамтылатынын айтты.

Премьердің баяндамасында орталықтандырылған сумен жабдықтау қалаларда – 97,2%, ауылдарда – 86,4% делінген. Үкімет басшысы “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша 2025 жылға қарай халықтың 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етілетінін атап өткен.

“Халықты таза ауыз сумен жабдықтау мәселесі үкіметтің стратегиялық міндеті және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді. Әр әкімдіктің елді мекендерге тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болуы керек”, – деді Асқар Мамин.

Премьер-министр жобаны жүзеге асырудағы шығындарды азайту үшін отандық өндірушілердің материалдарын пайдалануды тапсырған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз