Марат Тәжин жаңа қызметке тағайындалды

0
181
Қазақстанның бұрынғы мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин.

Қазақстанның бұрынғы мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Чехия елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

“Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстанның Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды” делінген 26 қараша күнгі Ақорда хабарламасында. 

2019 жылдың қыркүйек айына дейін Сержан Әбдікәрімов Чехия елшісі болған. Екі ай бұрын ол Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі болып тағайындалған.

59 жастағы Марат Тәжин 2019 жылы наурыз айында мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалған, қыркүйек айында басқа қызметке ауысуына байланысты хатшы қызметінен босатылды. Мемлекеттік хатшы болып Қырымбек Көшербаев тағайындалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз