Мәскеу шет елдерде дипломаттардың шығарылуына наразы

0
72

Мәскеу әлемнің жиырмаға жуық елінен орыс дипломаттарының шығарылуын «достық қарым-қатынасқа жат қадам» деп танып, оған наразылық білдірді. Бұл туралы Еuronews хабарлады.

Ресей Сыртқы істер министрлігі әлемдегі жиырмадан астам елін Солсберидегі Сергей Скрипальдің улану мәселесінде британ билігіне қарсы шығуға тырыспағандығы үшін айыптады.

Еске сала кетсек, Сергей Скрипаль мен оның қызы 4 наурыз күні Солсбери көшесінде ес-түссіз жатқан күйде табылған. Кейінірек, олардың өте күшті заттан уланғаны белгілі болды. Тереза Мэй бұл істе ресми түрде Ресейді айыптап отыр. Қазіргі таңда Кремль Сергей Скрипальдің өліміне қатысы бар деген айыптаулардан бас тартуда.

АҚШ Ұлыбританияда ресейлік Мемлекеттік Барлау Басқармасының бұрынғы полковнигі Сергей Скрипальдің улануына байланысты ресейлік 60 дипломатты елден шығаруға шешім қабылдады. Бұл туралы Ақ үйдің ресми өкілі мәлімдеді. Бұл шешімді АҚШ президенті Дональд Трамп қабылдады. Елден шығарылғандардың арасында БҰҰ жанындағы миссияны орындау үшін жүрген ресейлік 12 «барлау офицері» бар.

Қазіргі таңда Ақ үй Біріккен Корольдіктің Скрипальді улаған заттардың бөлігін Ресейге жібермеу туралы шешімін қолдады. АҚШ тарапы удың үлгілерін Ресейге берсе, оның шынымен қайдан шыққанын анықтауға кедергі келтіреді деп есептейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз