Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін кезекті отырыста ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Айбек Смадияров: “1 қарашада Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевтің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтеді. Сапар барысында Ресей премьер-министрінің Мемлекет басшысымен кездесуі жоспарлануда”
Ресми сапар аясында Ресей мен Қазақстан үкімет басшылары арасында кездесу өткізіліп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, өңіраралық, көліктік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларын дамыту перспективалары және оның ағымдағы жағдайы талықланатын болады.
Сонымен қоса, Байқоңыр кешеніндегі өзара әріптестік мәселелері туралы пікір алмасады.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, тараптар екі елдің интеграциялық одақтастық шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін де талқылайды.