20 наурызда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада кеңес өткізді. Кеңеске президент әкімшілігінің орынбасарлары және көмекшілері қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Жиын барысында ішкі және сыртқы саясат, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Қазақстан президенті осы саладағы және халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін маңызы бар басқа да салалардағы бағдарламаларды сапалы орындауға баса мән берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағыттар бойынша туындайтын проблемаларды шұғыл әрі тиімді шешудің маңыздылығын айтты.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы тиісті жұмыстарды үйлестірудің маңыздылығына тоқталып, президент әкімшілігіне барлық тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.