АҚШ басшысы Дональд Трамп өзіне Ресейге қатысты тағылған айыптауларды тағы да жоққа шығарды. Соңғы уақытта Құрама Штаттардағы БАҚ-та Трамптың Мәскеумен ықтимал байланыстары туралы ақпарлар өрбіген еді.
“Мен ешуақытта Ресейге жұмыс істеген емеспін “, – деді Трамп Вашингтонда журналистерге жасаған мәлімдемесінде. “Мен бұл туралы сұрағандарыңның өзі үлкен ұят деп есептеймін, себебі бұл – өтірік” – президент Трамп.
Өткен сенбіде Fox News телеарнасына берген сұхбаты барысында да Ақ үй басшысы Кремльмен ықтимал қатынастары туралы сұрақтарға жауап қайырды. Сол сәтте Трамп бұл сұрақты абыройға кір келтіру деп атаған еді.
Жексенбіде Washington Post Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен болған келіссөздерді жасырады, өзінің бір кездесуіндегі жұмыс жазбаларын аудармашыдан тартып алған деп жазды.
Трамп бұл айыптауларды да жоққа шығарып, “ештеңені құпияда ұстамайтынын” алға тартты. “Бұл келіссөздерді кез келген адам тыңдай алады. Ресейге қатысты бар хикаялар ойдан шығарылған” – президент Трамп.
Федералды тергеу бюросы не зерттеді?
Өткен аптада New York Times басылымы Трамптың 2017 жылы Федералды тергеу бюросының басшысы Джеймс Комиді қызметінен босатқаны құқық қорғау органдарының күдігін тудырған.
Содан бастап ФТБ Трамп саналы түрде Ресейге жұмыс істеді ме, Мәскеуді ықпалына түсіп қалды ма деген өткір мәселелерді зерттей бастады.
Кейіннен ФТБ-ның зерттеу нәтижесі Трамптың сайлау кампаниясының өкілдері 2016 жылғы президент сайлауының барысына ықпал ету үшін Кремльмен ауыз жаласуы ықтимал деген жалпы зерттеуге ұласты.
Бұл зерттеуді арнайы прокурор Роберт Мюллер жүргізді. Мюллер бұл лауазымға Коми қызметінен қуылғаннан кейін тағайындалған еді. Трамп Ресеймен ықтимал ауыз жаласуды мүлдем жоққа шығарды.
“Мен Комиді жұмыстан қуып, елімізге үлкен еңбек сіңірдім. Ол – нашар адам, таза емес. Әрі ол жалған сөйледі” – президент Трамп.
Өз кезегінде, Ресей де АҚШ-тағы президент сайлауына араласпағандарын алға тартты.
“Өте жемісті кездесу”
“Бұл өте,өте жемісті кездесу”, – деп айтты АҚШ президенті. – Біз Израиль турасында, Германия көп қаражат жұмсап отырған газ құбыры туралы сөйлестік”. Трамп 2017 жылы шілдеде Гамбургта өткен G20-лықтың саммитіндегі Путинмен өткен кездесуін осылай пайымдаған еді. Осы жылы Аргентинада өткен G-20 саммитінде Трамп пен Путин кездеседі деп күтілген еді, алайда Трамп Керчен бұғазына қатысты өрбіген мәселе үшін Путинмен кездесуден бас тартты.
Safina Ahtay