8 сәуірде Қазақстан cыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екіжақты келіссөз өткізді.
СІМ мәліметінше, тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері, соның ішінде Орталық Азияда, Оңтүстік Кавказда, Таяу Шығыста өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша пікір алмасты.
Министрлер саяси және экономикалық салалардағы, транзит-көліктік, энергетика, әскери-техникалық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылын талқылаған.
Министр Тілеуберді Ресей Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды басымдығы болып қала беретінін және екі жақты қарым-қатынастарда шешілмеген мәселелер жоқ екенін айтқан.