Министрлікке жұмысқа орналасау үшін не істеу керек

0
192

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров министрлікке жұмыс орналасу тәртібін түсіндірді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2018 жылдың қорытындылары мен алдағы жоспарлар жөнінде халыққа есеп берді.

Халыққа есеп беру жиынында министрге Қазақ агротехникалық университетінің ветеринария ғылымдарының магистрі «Министрлікке жұмысқа орналасу үшін не істеу керек?» деген сұрақ қойды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігіне жұмысқа орналасу жалпыға ортақ тәртіпте конкурс арқылы жүргізіледі. Министрліктегі барлық вакансиялар жарияланады. Оған кез келген тілек білдіруші өтінім бере алады. Бүгінде АШМ-ның 90-ға жуық қызметкері – жастар. Ұжымымыз жасарып келеді. Министрлікте ұзақ жыл қызмет еткен тәжірибелі мамандарымыз облыстық бөлімшелерге ауысады. Сол кезде босаған орындарға жас мамандарды аламыз», – деп жауап берді С. Омаров.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз