Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалды.
Жансейт Түймебаев облыс әкімі қызметінен босатылды.
Облыс әкімі қызметіне дейін Өмірзақ Шөкеев Ауыл шаруашылығы министрі және Премьер-министрдің орынбасары қызметін қоса атқарған. Оның орнына бұрынғы Мәжіліс депутаты Сапархан Омаров тағайындалды.
Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 1964 жылдың 12 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында дүниеге келді.
- Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген.
- ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;
- Президент Әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары 1991—1993 жж. қызметтерін атқарған.
- 1993—1995 жж. Түркістан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі территориялдық комитетінің төрағасы.
- 1995 ж. қараша айынан – ҚР Экономика министрі; ҚР вице-премьері болып қызметтер атқарған.
- 1997 ж. қарашасынан 1998 жылдың сәуіріне дейін – «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы;
- 1998 ж. тамыз айынан – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымында болды.
- 1998 ж. тамыздың 19 – Қостанай облысының әкімі қызметін атқарған.
- 2004 ж. наурызынан – Астана қаласының әкімі қызметін атқарған
- 2006 ж. қыркүйектің 20-сынан – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
- 2007 ж. тамыздың 27-нен – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
- 2009 жылғы 3 наурыздан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
- 2011 ж. 26 желтоқсанынан – “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ-ң басқарма төрағасы.