30 cәуір күні ОСК- ның шешіміне сәйкес ”Ұлт тағдыры” бірлестігінің мүшесі Әміржан Қосанов ”ҚР сайлау туралы” заңында қойылған талаптарға сәйкес келетіндігі анықталып, кандидатты қолдау үшін қол қою парақтарын беру тапсырылды.
“Меніңше, президент Қ.Ж. Тоқаевтың: ”бұл сайлау әділ өтеді”-деген уәдесін ОСК- да жалғастырып жатқан секілді. Мен соған үміттеніп отырмын. Сайлаудың өзі біраз сынақтан тұрады екен. Бірінші құжат сынағы, екінші тіл сынағы. Бұл екі сынақтан өттік. Енді алдымызда қол сынағы тұр”- деді Әміржан Қосанов.
Қол жинауды Президенттікке кандидаттың сенім білдірген адамдары жүзеге асыратынын және қол қою парақтарымен рәсімделетінін атап өту қажет.
”15 жыл тарихы бар ”Ұлт тағдыры” бірлестігі өзінің жиынын жасап маған сенім артып үміткерлер қатарында менің болуымды ұсынды. Біз заңды бұзбаймыз. Бүгіннен бастап қол жинауға кірісеміз. 17 облыста штаттарымыз бар. Біз Дәурен Бабамұратов, Абзал Құспан, Дос Көшім, Айдос Сарын, Расул Жұмалы, Мирас Нұрмұхамедов шетелде жүрген Серік Меделбек, Уалихан Төлешов сияқты азамматтар бәріміз біргеміз. Қазақ ”арық айтып, семіз шық” деген сондықтан біз сайлауға түсеміз”- деді Әміржан Қосанов.