Оралу
Саясат Нұр- Сұлтан қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әкімді қала активіне таныстырды.
Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген.
Алтай Көлгінов А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.
2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.
2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.
2008-2010 жылдары – «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары.
2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.
2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.
2019 жылғы 13 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне кірісті.