2 тамыз күні Елордада Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің XIII раунды өтіп жатыр.
Бұл жолы да Қазақстанға мүдделі тараптардың төрт көзі түгел жиналды. Атап айтқанда, Түркия, Ресей, Иран сияқты кепіл мемлекеттер, бұдан бөлек Сирияның қос делегациясы – қарулы оппозиция мен қазіргі үкімет өкілдері келді. Кешелі бері олар екіжақты кездесулер өткізіп, Шам жеріндегі жағдайға байланысты ортақ мәмілеге келуге тырысып жатыр. Олардың барлығы дерлік жабық есік форматында өтіп жатыр.
Айта кететін тағы бір жайт, қарулы қақтығысты тоқтатуға септігін тигізетін мемлекеттердің қатары толықты. Осыған дейін БҰҰ мен Иордания бақылаушы дәрежесінде процеске араласса, енді Ирак пен Ливан да түйткілдің түйінін тарқатуға өз үлестерін қоспақ.