12 тамыз күні мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп пен Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында туған. 1984 С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолының алғашқы баспалдағы Павлодар облыстық қазіргі Сары арқа самалы бұрынғы Қызыл ту газетінің агроөндірістік бөлімінің тілші болып бастаған. Осы газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. (1990-1996) жылдар аралығында Республикалық Егемен Қазақстан газетінің Экономика бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болды. (1996) жылдың мамыр айынан бастап (2002) жылдың сәуір айына дейін республикалық Жас Алаш газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
Нұртөре Жүсіп басшылық еткен осы кезең ішінде газет Алтын жұлдыз – 2000 сыйлығына ие болды. Нұртөре Жүсіп “Ақ жол Қазақстан”, “Астана хабары” газеттерінің бас редакторы, “Егемен Қазақстан” республикалық газетінің бас директоры болды. (2008) жылдан бері республикалық Айқын газетінің директоры-бас редактор.