18 наурыз күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімовке генерал-майор арнаулы атағы берілді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Кәрім Мәсімов 2016 жылы премьер-министр қызметінен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалығына ауысқан.