19 наурыз күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев орталық телеарна арқылы мәлімдеме жасап, өкілеттілігін тоқтататынын айтты.
Назарбаев “сайлау кезінде сенген” халыққа алғыс айтып, “Нұр Отан” партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін де хабарлады.
Назарбаев уақытша президент қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты.