Назарбаев: “Конституцияға сәйкес Президент кезектен тыс сайлау өткізуге құқылы”

0
89

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңеске берген өтінішіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы мәлімдемесінде “1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаған сәттен бастап осы күнге дейін Конституциялық Кеңеске 220 өтініш, соның ішінде Президенттен 22 өтініш жолданды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» заңға сәйкес, Конституциялық Кеңес Конституцияға ресми түсіндірме беруге құқылы. Заңнамада олқылықтардың орын алуы – болып тұратын жағдай. Мысалы, Конституцияда Президентті алмастыру жолдары айқындалмаған, сондай-ақ оның өз еркімен отставкаға кету жағдайы қарастырылмаған. Мұндай нормалар әлем елдері конституцияларының бәрінде бар. Бұл аспектілердің өзектілігі зор екенін ескеріп, мен Конституциялық Кеңестен осы ережені түсіндіруді сұрадым”, дейді.

Елбасының айтуынша бүгінде қоғамды сайлау мәселесі қызықтырады. Алайда бұл тақырыпқа қатысты жұртшылықты дүрліктірудің қажеті жоқ дейді.

 Ата заңымызда, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда сайлау өткізудің тәртібі мен уақыты, өкілеттіліктің аяқталу мерзімі анық жазылған. Конституцияға сәйкес Президент кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде мәлімдеме жасауға құқылы, бірақ ондай жағдай бола қоймас. Сондықтан, тыныштық сақтап, күнделікті жұмыспен айналыса беру керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз