Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” партиясының кезектен тыс ХІХ съезін ашты. Бұған дейін ақпанда өткен партияның XVIII съезінде мемлекетке қажет барлық мәселелердің кеңінен талқыланып, алдағы жұмыстар айқындалғанын алға тартқан Н.Назарбаев “бүгін Қазақстан президентінің алдағы сайлауында кандидатымызды ұсыну үшін бас қосып отырмыз”, – деді Елбасы.
“Биылғы 19 наурызда мен президенттік өкілеттігімді тоқтаттым. еліміздің жарқын болашағы үшін осындай оңай емес шешім қабылдап ойланып, толғанып шешілген мәселе болды”, – деген Назарбаев “мемлекет басқаруға басшылардың жаңа буыны келетін заман болды, уақыт солай, өмір солай”, – деді тұңғыш президент.
Н.Назарбаев “олар” (жаңа басшылар-ред) Қазақстанның абыройын арттырып, беделін бекіте түседі деп сенемін деді. “Біз оларға қолдау көрсетейік”, – деді Елбасы.
Safina Said