Назарбаев пен Мирзиёев Орталық Азия елдері басшыларының алдағы кездесуін талқылады

0
193
дереккөзден

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ, күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев келесі жылы Ташкентте Орталық Азия елдері басшыларының кезекті жұмыс (консультативтік) кездесуін өткізу жөніндегі уағдаластықты нақтылады.

Тараптар осы іс-шараға дайындық мәселелерін аймақ елдері сыртқы саяси ведомстволарының деңгейінде келісудің маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек жағы бастамашы болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз