Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Президенттің баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәкес, мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына әзірлік барысын талқылады.
РФ басшысының баспасөз қызметінің ақпарына сәйкес, В. Путин Н. Назарбаевқа 13-15 қарашада Сингапурдағы Шығыс Азия елдері саммиті турасында мәлімдеген.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.
Бұған дейін Н. Назарбаев пен В. Путин Астанада өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында, сондай-ақ, Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық форумға қатысып, жеке кездесу өткізген еді.