Оңтүстік Корея президенті Қазақстанға келеді

0
221
Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин. Сурет: TASS

23 сәуір күні Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Орталық Азия елдеріне сапары аясында Қазақстанға келеді. Бұл туралы СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

“23 сәуірде Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Орталық Азия елдеріне сапары аясында Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді. Нұр-Сұлтанға сапары аясында ол Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған. Жоғары деңгейдегі келіссөздерде ынтымақтастықтың екіжақты мәселелері, әсіресе сауда-экономикалық саладағы, халықаралық күн тәртібіндегі, соның ішінде Корей түбегінің жағдайы бойынша талқыланатын болады”, – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, бірқатар екіжақты келісімдер мен меморандумдарға қол қою жоспарланған, оның ішінде сотталған тұлғаларды беру туралы келісімшарт және жаңартылған ынтымақтастық бағдарламасы аясында жаңа технологиялар, инфрақұрылым, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды.

Сондай-ақ, Мун Чжэ Ин Алматыға келіп, корей диаспорасымен кездесу және оның еліміздегі өмірімен танысуды жоспарлап отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз