Опера әншісі облыс әкімінің кеңесшісі болды

0
402
Сүндет Байғожин

Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне опера әншісі Сүндет Байғожин тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, опера әншісі Сыр елінің өнерін, оның ішінде классикалық музыканы дамытуға ат салысады. Аймақ өнерпаздарын белгілі опера жұлдыздарымен тәжірибе алмастырып, жаһандық сахнаға шығаруға еңбек етеді деп жоспарланған.

Сүндет Абдрахманұлы Байғожин 1984 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясында “Жеке ән айту” мамандығы бойынша білім алған. “Астана Опера” театрының жетекші опера әншісі қызметін атқарған. Қазақстан президенті жарлығына сәйкес “Құрмет” орденімен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз