Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) cенатқа жаңадан сайланған депутаттарды тіркеді. Оларға төсбелгі мен депутат куәлігі табысталды.
Еске салайық, сенат сайлауы 12 тамызда өтті. 17 депутат сайланды: бес әйел және 12 ер адам. Сенаторлардың орташа жасы – 55.
Айта кетейік, парламенттің жоғарғы палатасында 49 орын бар. Оған 14 облыстың, республикалық маңызы бар екі қаланың (Алматы және Шымкент) және астанадан екі депутаттан 34 адам сайланады. Оларды тікелей халық емес, жанама таңдаушылар, жергілікті өкілетті органдардың депутаттары сайлайды. Тағы 15 депутатты Президенттің өзі тағайындайды. Жоғарғы палатаға мүшелік алты жылға созылады. Алайда сенаторлардың жартысы үш жылда бір рет қайта сайланады.