Жапония премьер-министрі екінші рет отставкаға кетті

0
131
Жапония экс-премьер-министрі Синдзо Абэ.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ денсаулығының күрт төмендеуіне байланысты биліктен кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы әлемдік БАҚ хабарлады. 

Синдзо Абэ алғаш рет 2006 жылы сайлауда жеңіп, ең жас премьер-министр ретінде билікке келген. Бір жылдан кейін денсаулығына байланысты өкілетін тоқтатқан. Абэ премьерлікке екінші рет 2012 жылы қайта келді. Сегіз жыл бойы Жапонияны үздіксіз басқарып ең ұзақ билікте отырған басшы ретінде рекорд жасады.

Синдзо Абэнің айтуынша, билікте болған сегіз жылдың ішінде “ауруды жеңемін” деп ойлаған, бірақ маусым айында сырқаты қайта басталған.

“Ауруы асқынған уақытта және ем алу кезінде қабылданған саяси шешімдерде қателік кетуі мүмкін”, – деп Абэ зейнеткерлікке ерте шығуға мәжбүр болғаны үшін отандастарынан кешірім сұрады.

Жапонияның билеуші ​​Либералды-демократиялық партиясының бас хатшысы Тосихиро Никайдың айтуынша Синдзо Абэнің орнын басатын кандидаттың бірі елдің бас хатшысы Ёсихидэ Суга болуы мүмкін.

Мерей Кенжеғали

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз