14 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы 7-ші шақырылымдағы парламент мәжілісінің жаңа депутаттарын тіркеді.
ОСК баспасөз қызметінің хабарлауынша, “7-ші шақырылымдағы Парламент мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы” қаулы қабылданған.
Қаулығы сәйкес, мәжілістің жаңа 107 депутаты тіркелді. Оның ішінде: “Нұр Отан” партиясының партиялық тізімі бойынша – 76 депутат, “Ақ жол” демократиялық партиясы – 12 депутат, Қазақстан Халық партиясы – 10 депутат; Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған – 9 депутат.
ОСК төрағасы Берік Имашев тіркелген депутаттарға куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді табыс етті.