Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
“Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 30 маусымда сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын”, – делінген өкімде.
Айта кетейік, қос палатаның жиыны 20 маусымда өткен болатын.