Помпеоның сапары АҚШ пен Қазақстан қатынасына қалай әсер етеді?

0
233
Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АҚШ-мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.

2 ақпанда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Нұр-Сұлтанда Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

“Қазіргі уақытта біздің экономикамыздағы ең ірі инвестор АҚШ-қа тәуелсіздігіміз бен егемендігімізге жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін зор ілтипатымызды білдіреміз. Біздің ынтымақтастығымыз ХХІ ғасырдағы Қазақстан мен АҚШ-тың кеңейтілген стратегиялық әріптестік мәртебесіне ие. Бұл деңгейге 2019 жылы Вашингтон қаласында екі ел басшылары — ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың келіссөздерінің нәтижесінде қол жеткізілді, – деді Мұхтар Тілеуберді.

Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

“Біздің бейбітшілікке, өркендеуге және қауіпсіздікке негізделген АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық қарым-қатынастардың маңыздылығын растау үшін Нұр-Сұлтанға келгеніме қуаныштымын. Мен сауда, инвестициялар мәселелерін және екі елдің өркендеуін кеңейту жолдарын талқылауды асыға күтемін”, – деп жазды Майк Помпео twitter-де.

Еске салайық, Майк Помпеоның Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Кипрге сапары 3-7 қаңтарға жоспарланған еді. Ол Қазақстанға 5 қаңтарда келуі керек. 2 қаңтарда АҚШ мемлекеттік хатшысы Бағдадтағы америкалық елшілік ғимаратындағы тәртіпсіздіктерге байланысты Қазақстанды қоса алғанда, бес елге жоспарланған сапарды кейінге қалдырғаны белгілі болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз