Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы Қырымбек Көшербаев

0
248

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 маусым күні қабылдаған жарлығымен Қырымбек Көшербаевты Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Тоқаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты әкімшілік басшысы Бақытжан Сағынтаевты қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойды.

Қырымбек Көшербаев тағайындалғанға дейін Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарды.

1955 жылы Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1978 жылы инженер, кейін “Главриссовхозстрой”БК ПМК-112 өндіріс дайындау тобының бастығы болып бастады.

1983-1986 жылдары-Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы.

1988-1991 жылдары-КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар Академиясының аспиранты (Мәскеу қ.).

1994-1995 жылдары-Алматы қаласының Калинин аудандық әкімшілігінің басшысы.

1996-1997 жылдары-Президент баспасөз хатшысы-баспасөз қызметінің жетекшісі.

1997 жылдың қазанынан 1999 жылдың қаңтарына дейін-білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі.

2000 жылдың 18 желтоқсанынан бастап-Батыс Қазақстан облысының әкімі.

2003 жылдың қарашасынан бастап-Ресей, Армения және Финляндиядағы ҚР елшісі.

2006 жылдың 24 қаңтарынан бастап-Маңғыстау облысының әкімі.

2011 жылғы 22 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында орын алған тәртіпсіздіктерден кейін әкім қызметінен босатылды.

2012 жылдан 2013 жылға дейін премьер-Министр орынбасарының міндетін атқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз