Президент Тоқаев саяси партия басшыларын қабылдады

0
117
Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партия басшыларын қабылдап отыр. Нұр-Сұлтан, 9 сәуір 2019 жыл.

9 сәуір күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  бірнеше қазақстандық партия басшысын қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақорда хабарламасында Тоқаевтың “Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, “Ақ жол” демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдағаны” жазылған.

Сайттың жазуынша, “кездесу кезінде қоғамдық-саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланған”.

Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан.

Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.​ Тоқаевтың орнына Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаев сенат спикері болып тағайындалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз