17 қыркүйек күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
Қазақстан президенті Жақсы ауданындағы “Айбат” ЖШС-ның егіс алқабында болып, егін орағының барысын бақылайды.
Сондай-ақ, жекеменшік спорт мектебі мен “ТНК» агрофирмасының “Урожай” серіктестігіне қарасты ауылшаруашылық өндірісі кешеніне барады.