Ресей президенті Владимир Путин қазан айында “Орталық Азия – Ресей” мемлекеттер басшыларының отырысына қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келеді. Бұл туралы 1 қыркүйекте Тоқаев пен Путиннің телефон арқылы сөйлесуінен кейін белгілі болды.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырып келе жатқан үкіметтердің тиімді өзара іс-әрекетін атап өткен.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдауында атап өткен ауқымды міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілеген.