Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған арасындағы келіссөздер 7 қыркүйекте Тегеранда өтеді.
Путин мен Ердоған арасындағы келіссөздер Түркия, Ресей және Иранның бірлескен “Астана форматындағы” Сириядағы лаңкестікке қарсы күрес пен Сириядағы дағдарысты шешуге бағытталған қыркүйек саммиті аясында Иранда өтеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.
2017 жылдың 22 қарашасы Ресей, Иран және Түркия президенттері Сочиде Сириядағы лаңкестікке қарсы бірлескен күрес және сол елдегі дағдарысты шешуге бағытталған алғашқы кездесулерін өткізген болатын.
Сирия мәселесін шешу бағытындағы Түркия, Ресей мен Иран басшыларының екінші кездесуі 30 қаңтарда Сочиде және 4 сәуірде Түркия астанасы Анкара қаласында өткен болатын.