Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы Түркия мен Ресейдің жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі екі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған және Владимир Путиннің қатысуымен 3 сәуір Анкарада өтеді деп мәлімдеді. Бұл туралы Mk-Turkey хабарлайды.
Чавушоғлының айтуынша, екі мемлекеттің өзара ынтымақтастығын тереңдетуден өзге аймақтық мәселелерді шешудегі өзара ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығы бар.