Путин мен Макрон Сирия жайын талқыға салды

0
85
дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путин және Франция президенті Эммануель Макрон 23 сәуірде телефонмен сөйлесу барысында АҚШ және оның одақтастарының жасаған зымыран шабуылынан кейінгі Сирияның жай-күйін талқылады. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кремль таратқан мәлімдемеге сәйкес, телефонмен тілдесу барысында Ресей тарабы АҚШ және батыс коалициясы тарапынан жасалған шабуыл халықаралық құқықты бұзып қана қоймай, Сирия дағдарысының қалыпқа келуіне едәуір кедергі жасағандығын атап өтті.

Макрон дүйсенбіде АҚШ-қа алғаш рет мемлекеттік сапармен барады. АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуін Э. Макрон қос мемлекет арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатымен байланыстырды. БАҚ-та таралған ақпарға сәйкес, қос мемлекет басшысы кездесу барысында «сауда қақтығысы» мен иран ядролық мәмілесінің өзгерісін талқыламақ ниетте.

14 сәуірде АҚШ және Батыс коалициясы (Ұлыбритания, Франция ) Сирияға зымыран шабуылын жасады. Бұған себеп – Сирияның Дума қаласындағы ықтимал химиялық шабуыл. Батыс елдері Сирияны химиялық қару қолдануда айыптады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз