Сочиде Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель келіссөздер жүргізді. Күн тәртібінде – Иран, Украина, «Солтүстік ағыны-2» («Северный поток-2»). Тараптардың Вашингтонның Берлинге жасаған қысымы және АҚШ-тың Иранмен жасалған келісімді тәрк етуі туралы Трамптың шешіміне қатысты ұстанымдары бір жерден шықты.
Мызғымас достық
Келіссөздер қорытындысы бойынша Меркель Ресеймен жақсы қарым-қатынасқа Германияның бейілді екенін жеткізді, деп жазады Euronews. Меркельдің айтуынша, кейде Ресей мен Германия арасында келіспеушіліктер орын алады, дегенмен, аталған келіспеушіліктерді «диалог арқылы» шешу қажет.
Мәмілеге қол жеткізілді
Украинаға қатысты кикілжіңде қос тарап норманд форматындағы келіссөздерді жалғастыруға келісті. Ресей мен Германияның сыртқы істер министрлігіне Донбасстағы БҰҰ миссиясын құру туралы мәселе бойынша жұмыс істеудің міндеттелуі Сочи кездесулерінде қол жеткен нәтижелердің бірі болды.
Путин мен Меркель қуат секторына баса назар аударды. Путиннің айтуынша, «Солтүстік ағын – 2» («Северный поток -2») жобасына Ресей экономикалық жоба ретінде ғана назар салады.
Ресей президентінің сөзінше, «Солтүстік ағыны -2» іске қосылғаннан кейін Ресей газының Украина арқылы транзиттелуі жоспарланбайды. РФ президенті аталған мәселе Меркельмен Сочиде кездесу барысында талқыланған.
“Солтүстік ағыны” («Nord Stream 2», “Северный поток-2”) Балтық теңізі арқылы Ресейден Германияға бағытталған магистральді газ құбыры.
Сафина Саид