Путин Мун Чжэ Инмен КХДР келіссөздерін талқылады

0
71

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында КХДР басшысы Ким Чен Ынмен Пханмунчжомдағы келіссөздері туралы мәлімдеді.

Ресей президентінің баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес, Оңтүстік корея және Солтүстік Корея президенттерінің кездесуінде ол жеткізілген мәмілелер мен келісімдерді қос мемлекет басшысы жоғары бағалады. Бұдан өзге Путин Ресейдің Оңтүстік және Солтүстік Кореяның өзара қатынастарының әрі қарай жандануына бейілді екендігін жеткізді.

Бұдан өзге қос мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі кездесулердің уақытын талқылады.


Атап өтерлігі, 27 сәуірде қос Корея басшылары 65 жылдан кейінгі ұзақ үзілістен кейін алғаш рет кездесті. Ким Чен Ын 1953 жылы соғыс аяқталғаннан кейін Оңтүстік Кореяның шекарасын кесіп өткен Солтүстік Кореяның алғашқы көшбасшысы.

Ким Чен Ын Оңтүстік Корея басшысымен кездесуін жаңа тарихтың, әлемдегі жаңа дәуірдің басталғанын мәлімдеді.

Қос Корея басшылары татулықтың белгісі ретінде қол ұстасып Солтүстік Кореяға кейін қайта Оңтүстік Корея шекарасына өтті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз