Бейжің РФ президенті В. Путиннің маусымға жоспарланған Қытайға мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастарға серпін беріп, Ресей мен Қытай үшін маңызды келісімдере қол жеткізілетіндігіне сенім білдіреді. Бұл туралы ҚХР сыртқы істер министрінің орынбасары Чжан Ханьхуэй мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.
Чжан баспасөз конференциясы барысында Путин президенттіктің жаңа кезеңіне тағайындалған сәттен бергі оның бұл Қытайға жасайтын алғашқы сапары екенін еске салды. Сондай-ақ СІМ өкілі сапар барысында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинь мен РФ президенті В. Путиннің екіжақты тар және кең форматтағы кездесулері жоспарланғандығын, құжаттарға қол қою рәсімі мен қос президенттің қатысуымен баспасөз конференциясы өтетінін айты.
Чжан сөз барысында қос мемлекет басшылары қытай-ресей қатынастарына серпін беретін маңызды құжаттарға қол қойылатындарын алға тартты.
Бұдан өзге мемлекеттік ресми шаралардан өзге, қос мемлекет басшысы бірқатар мәдени шараларға ат басын бұрып, бейресми форматта талқылаулар өткізеді, дейді Чжан.