Қырғыз парламенті жаңа премьердің кандидатурасын мақұлдады

0
96
дереккөзден

Жогорку Кенеш Мұхаммедқалы Әбілғазиевтің премьер-министрлікке ұсынылған кандидатурасын мақұлдады. Аталған шешім 20 сәуірде отырыста қабылданды. Бұл туралы Акиpress хабарлайды.

Тіркеуден өткен 115 депуттың барлығы  бағдарламаны қолдап дауыс берсе, құрылымға 114 депутат қолдап дауыс берді, қарсы болғаны – «1». Жаңа үкімет құрамын қолдап тіркеуден өткен барлық 115 депутат дауыс берді.

М. Әбілғазиевтің кандидатурасы Қырғыз социал-демократиялық республикасы, «Қырғызстан», «Бір бол», «Республика – Ата-Жұрт» фракциялары енетін коалиция тарапынан ұсынылды.

Ел президенті лауазымды мақұлдап, үкімге қол қоятын болса, М. Әбілғазиев Қырғызстан Республикасының 30-шы премьер-министрі болады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз