Пханмунджом шекаралық бекетінің төменгі бөлігінде Оңтүстік Корея және Корей Халық Республикасының делегациялары арасындағы келіссөздер басталды. Бұл туралы Оңтүстік Кореялық Рёнхап агенттігі хабарлайды.
Басылымның мәліметінше кореялық делегаттар 27 сәуірде өтетін екі мемлекет басшыларының кездесуін бұқаралық ақпарат беттерінде жариялаудың тәртібі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын талқыға салатын болады.
Еске сала кетеміз, Оңтүстік Корея мен КХДР басшылары 27 сәуір Пханмунджом шекаралық ауылында кездеседі.