ҚР Білім және ғылым министрінің халық алдында есеп беру кездесуі өтті

0
337

28 маусым күні  Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті.

Министрдің есептік кездесуінде барлық облыстан  тікелей трансляция іске қосылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандығын алып жатқан студенттердің шәкіртақысы артатынын мәлім етті. Осы орайда, А. Аймағамбетов студенттер шәкіртақысын көтеру жұмысшы мамандықтардың тартымдылығын арттыруға оңтайлы нәтиже беретінін атап өтті.

«Президенттің тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер үшін шәкіртақы 30 пайызға артады. Оның көлемі 21 787 теңгегеге жетеді (бұған дейін 16 759 теңге болды)», – деді министр халықпен есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар министр  кездесуде Арыс инфрақұрылымы мен зардап шеккен балалар туралы айтып, оларға көмек көрсету мақсатында арнайы комиссия сол өңірлерге жіберілгенін жеткізді. Есептік кездесуден соң министрі өзіде апаттық аймаққа сапарға шығатынын айтты.

Кездесу барысында министр білім және ғылым жүйесі дамуының негізгі бағыттарын түсіндірді, сонымен қатар халық тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз