Kazaknews.kz ақпараттық агенттігі тілшілері сайлау алдында Елорда тұрғындарынан үміткерлер туралы пікірлерін біліп, кімге дауыс бергісі келетінін сұрады.
Тұрғындардың көп бөлігі үміткерлерден тек Қасым-Жомарт Тоқаевты ғана білетінін айтты. Кейбірі қалған үміткерлерді тіпті танымайтын болып шықты.
Кімге дауыс бересіз, кімді танисыз деген сұраққа астаналық бір тұрғын: “Сол Тоқаевқа беретін шығармыз. Толком разбираться етпеймін” деп жауап берді.
Жастардың дені билік жүйесінің толыққанды ауысқанын қалайды. Әміржан Қосановты қолдап жүргендер де аз емес. Ал егде кісілер Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беретіндерін айтты.