Бүгін Ресей Федерациясында кезекті 6 жыл сайынғы президенттік сайлауға дауыс беру өтіп жатыр. Дауыс беруге алғашқы болып Қиыр Шығыс пен Камчатка аймағындағы сайлау учаскелерінде ашылды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Ресейдегі президент сайлауына қатысып жатқан сегіз кандидаттың аты-жөні дауыс беру бюллетеніне алфавиттік тәртіп бойынша енгізілген: Сергей Бабурин (“Российский общенародный союз” партиясы), Павел Грудинин (Ресей Федерациясы коммунистік партиясы), Владимир Жириновский (Ресей либерал-демократиялық партиясы), Владимир Путин (өзін өзі ұсынған), Ксения Собчак (“Гражданская инициатива” партиясы), Максим Сурайкин (“Коммунисты России” партиясы), Борис Титов (“Партия роста” саяси ұйымы) және Григорий Явлинский (“Яблоко” партиясы).
Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған сайлауға Ресей Федерациясының Конституциясына сәйкес 35 жасқа толған, ел аумағында кемінде 10 жыл тұрған тұрақты Ресей азаматы 6 жыл мерзімге Ресей президенті болып сайлана алады.
Еске саламыз, Федерация кеңесі 15 желтоқсанда өткен пленарлық отырыста Ресейде президент сайлауын өткізу күнін 2018 жылдың 18 наурызына белгілеген болатын. Президент сайлауын өткізу үшін федералдық бюджеттен 14,9 млрд рубль бөлінген.
Сондай-ақ, 23 әлеуетті үміткер сайлау науқанына қатысатындарын мәлімдеген. Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилованың айтуынша, 23 адам сайлауға қатысуға өтініш білдірген.