Оралу
Саясат Республикада судьяларға қойылатын талап күшеймек
Руспубликада судьяларға қойылатын талаптар күшейетін болады. Сондай-ақ, Облыстық сот судьясы болып енді 15 жыл еңбек өтілі бар заңгерлер де тағайындалуы мүмкін.
Мұндай норма қарастырылған Конституциялық заң жобасы бүгін Сенат отырысында қаралды. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың айтуынша, бүгінде сотта қаралатын істердің 85 пайызы азаматтық дауларға қатысты.
Оның ішіндегі шағымдардың дені мемлекеттік органдардың шешімдеріне байланысты. Бұл салық, экология, зияткерлік меншік, кеден секілді мәселелерді қамтиды. Сондықтан мұндай сұрақтарды шешу үшін сот жүйесі салалық мамандарға мұқтаж. Осы ретте тәжірибелі заңгерлерді жұмысқа тарту үшін тиісті жағдайлар жасалмақ.
Сонымен бірге жаңа заң жобасына сот төрағасы қызметіне үміткерлерді бұдан былай 2 реттен артық тағайындауға тыйым салатын өзгерістер де енгізілмек.